Ливиядағы оқиғаларға байланысты Брюссельде Еуроодақтың сыртқы істер министрлері кеңесінің төтенше отырысы шақырылады

ССЕЛЬ. 4 наурыз. ҚазАқпарат /Димаш Сыздыков/ - Ливиядағы оқиғаларға байланысты 10 наурызда Брюссельде Еуроодаққа мүше 27 мемлекеттің сыртқы істер министрлері кеңесінің төтенше отырысы шақырылғалы отыр,

Ливиядағы оқиғаларға байланысты Брюссельде  Еуроодақтың  сыртқы  істер министрлері  кеңесінің төтенше   отырысы  шақырылады

деп хабарлады Еурокомиссияның баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпараты бойынша, бұл кезектен тыс кездесуді шақыруға Еуроодақтың Сыртқы істер және саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон бастамашы болып отыр. Онда Ливиядағы, сондай-ақ Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы ахуал талқыланбақ. К.Эштон өзінің өңірге жасаған сапары туралы, халықаралық серіктестермен өткізген кездесулері және Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстың бірқатар елдеріндегі өтпелі кезең өкіметтерін қолдау жұмыстары туралы баяндама жасамақ.

Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері сондай-ақ 11 наурызда Брюссельде өтетін Еуропалық кеңестің кезектен тыс отырысына дайындық жұмыстарын жүргізеді.