Ливиядағы жағдайға байланысты мұнай бағасы қайта қымбаттай бастады
АНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - 4 наурыздағы сауданың қорытындысы бойынша Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының ресми бағасы 2,51 долларға қымбаттап,
104,2 доллар/баррельге жетті, деп хабарлады РБК агенттігі.
Ал Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 1,18 долларға қымбаттап, 115,97 доллар/баррель болды.
"Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасының өсуіне «қара алтынның» ірі экспорттаушысы болып табылатын Ливиядағы қақтығыстар себеп болып отыр. Оған қоса, АҚШ-тың шикі мұнай және мұнай өнімдері коммерциялық қорының қысқаруы туралы мәліметтер де мұнай фьючерстеріне өз әсерін тигізбей қоймады", - дейді сарапшылар.