Ливиялық дипломат БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы болып сайланды

НЬЮ-ЙОРК. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Ливиялық дипломат Әли Әбдел Салам ат-Трейки Біріккен Ұлттар ұйымының ағымдағы жылы қыркүйектің 15-інде өз жұмысын бастайтын алдағы 64-ші сессиясының төрағасы болып сайланды.

Ливиялық дипломат  БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы  болып сайланды
Ат-Трейки мырзаны бұл лауазымға Африка елдерінің тобы ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Бас Ассамблеяның төрағалығына кандидатураны орын ауыстыру қағидасы бойынша аймақтық топтар ұсынады. БҰҰ Бас Ассамблеясының ағымдағы, 63-ші сессиясының төрағасы - Никарагуаның бұрынғы сыртқы істер министрі Мигель д'Эското Брокман. Ол өз міндетін қыркүйектің 14-іне дейін, БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-ші сессиясы жабылғанша атқаратын болады.Әли Әбдел Салам ат-Трейки ұзақ жылдан бері өз елінің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі қызметін атқарып келеді. Болашақ төраға өз қызметін кедейшілік, климаттың өзгеруі проблемаларын шешуге және нәсілшілдікпен, теңсіздікпен күресуге арнамақ.Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас кеңесу оганы болып табылады. Ол әрқайсысы бір-бір дауысқа ие барлық мүше мемлекеттердің өкілдерінен тұрады. Бүгінде оған 192 мемлекет кіреді.