Ливиялық көтерілісшілердің қатарында «Әл-Кайеданың» мүшелері болуы ықтимал-Д. Ставридис

АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Муаммар Каддафи үкіметімен күресіп жатқан ливиялық оппозиция өкілдерінің арасында «Әл-Кайеда» халықаралық лаңкестік желілерінің және "Хезболлах" Ливан шейіт қозғалысының лаңкестері болуы ықтимал.

Ливиялық көтерілісшілердің қатарында «Әл-Кайеданың» мүшелері болуы ықтимал-Д. Ставридис

Мұндай мәлімдемені АҚШ Сенаты алдында сөз сөйлеген Еуропадағы НАТО күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы, адмирал Джеймс Ставридис жасады, - деп хабарлайды РБК Reuters-ке сілтеме жасап.

Адмиралдың сөзіне қарағанда, НАТО көтерілісшілер құрамын, сондай-ақ оппозициялық күштердің әрбір көшбасшысын мұқият зерттеген.

Тексеріс барысында оппозиция өкілдерінің арасында «Әл-Кайеда» мен «Хезболлахтың» мүшелері бар екені жөнінде хабар түседі. Дегенмен дәл қазір НАТО күштері бас қолбасшысының пікірінше, олардың айтарлықтай ықпалы бола қоймайды.