Ливияны мұнай-газ үшін бомбылауда - В.Путин

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - РФ Премьер-Министрі Владимир Путин Ливияның Батысқа не үшін керек болғанына түсіндірме берді.
None
None

Ресей үкіметі басшысының пікірінше, халықаралық коалицияны іс жүзінде демократия толғандырып отырған жоқ, оларға Ливияның табиғи байлығы тыныштық бермеуде, деп хабарлайды Utro.ru сайты.

«Біле білсеңіздер, Ливия Африкада мұнай қоры бойынша - бірінші, газ қоры бойынша төртінші орында. Ливияға шабуыл жасап жатқандардың «көз құрты» болып отырған - осы байлық емес пе деген заңды сауал туындайды», - деп мәлім етті Путин Копенгагенде даниялық әріптесі Ларс Лекке Расмуссенмен болған келіссөздің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

Ресей премьерінің айуынша, коалиция мүшелері БҰҰ қарарының шегінен шығып кетіп, Муаммар Каддафидің басын жұтқалы отыр. «Әуелде әуе кеңістігін ғана жабамыз деп бастаған олар, енді түн сайын Каддафи сарайына төпеп шабуыл жасауда... Каддафидің өлтіру - ойымызда жоқ, деген еді. Енді келіп, кейбір ресми тұлғалар «мақсатымыз - Каддафидің көзін жою» деп мәлім етіп отыр. Оларға кім рұқсат берді. Әлде сот болды ма? Оларға, мейлі ол қандай адам болмасын, оны сотсыз өлім жазасына кесуге кім құқық берді?», - деді Путин.

Премьер сондай-ақ Ливияны шабуылдау барысында бейбіт халықтың опат болып жатқанын атап көрсетті. «Каддафи жоқ, ол әлдеқашан бір бомбапанада бой тасалап отыр, ал бейбіт халық қырылып жатыр», - деді ол. Осылайша, батыс елдері режиммен күресудің орнына Ливияның инфрақұрылымын жермен-жексен етуде.

«Біз бейбіт халық үшін жауапкершілікті, қамқорлықты сезіне отырып, халықаралық құқық аясында әрекет етуіміз керек. Өздерін өркениетті санайтын қоғамдастықтың шағын ғана елге бар пәрменімен шүйлігіп, ғасырлар бойы тұрғызылған инфрақұрылымды жоюы - жақсы ма, жаман ба? Маған бұл жағдай ұнамайды», деп атап көрсетті РФ премьері.

РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бүгін мәлімдеме жасап, егер БҰҰ азаматтық соғыс пен зорлық-зомьбылықты әрі қарай өршітуді арандата берсе, Мәскеудің БҰҰ-ның Ливия бойынша жаңа қарарын қолдамайтынын айтты. Франция мен Ұлыбритания да бұған дейін режимнің ауысуы туралы ештеңе айтылмаған аталмыш құжатты сынаған еді.

Соңғы жаңалықтар