Ливияның премьер-министрі жоғалып кетті

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Ливияда қаруланған қылмыскерлер елдің премьер-министрі Али Зейданды белгісіз бағытта алып кеткен, деп хабарлады РБК.
None
None

Ұрлаушылар Трипольдағы Коринфский қонақ үйінен автокөлікпен шыққан үкімет басшысының соңынан еріп отырған. Олар тоқтаған кезде жауынгерлер көліктен премьер-министрді алып шығып, оны өздерінің көліктеріне отырғызып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Аталған оқиғаға куә болғандар қылмыскерлер ешқандай қару қолданбағанын, еш шу шығармастан алып кеткенін айтуда.

Facebook желісінде шыққан бұл жаңалықты басында ешкім шын қабылдамады. Алайда Али Зейданның ұрланғаны жайлы фактіні кейін премьер-министрдің баспасөз қызметінің өзі растады.

Әзірге қылмыстың артында кім тұрғаны белгісіз. Қылмыстық топтардың ешбірі бұл қылмысты мойнына алмады. Тіпті премьер-министрді ұрлаған адамдар да әзірге ешқандай талап қойған жоқ.

Соңғы жаңалықтар