Ливияның жағалауында 35 мигрант жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливия жағалауында қайықтың аударылуынан кемінде 35 мигрант опат болуы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости.
None
None

Агенттік таратқан мәліметтерге қарағанда, олардың ішінде 7 бала болған.

Ливияның жағалау күзеті өкілі аталған аумақтан 85 мигранттың құтқарылғандығын айтты.

Айта кетейік, бүгінде Еуропа екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада елдеріндегі қарулы қақтығыстар мен экономикалық тұрақсыздық салдарынан туындаған миграциялық дағдарыстан қатты зардап шегіп отыр.

ФОТО: © AFP 2017 / Turkia Mahmud

Соңғы жаңалықтар