Lloyd's: ұрланған әшекейлер жайында ақпарат бергенге 1 млн. еуро сыйақы тапсырылады

АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Lloyd's бірнеше күн бұрын Каннда ұрланған әшекейлер жайында ақпарат берген кез келген азаматқа 1 млн. еуро көлемінде сыйақы беретінін жариялады. Қолды болған әшекейлердің құны 100 млн. еуроға бағаланып отыр. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Lloyd's: ұрланған әшекейлер жайында ақпарат бергенге 1 млн. еуро сыйақы тапсырылады

Аталған сақтандырушылардың мәліметіне қарағанда, тергеуге пайдалы ақпаратты бірінші берген адам сыйақыға қол жеткізе алады.

Франция заңнамасы бойынша ұрлық туралы хабарлаған адамның аты-жөні жасырын күйінде сақталады.

28 шілдеде қаруланған белгісіз біреу «Карлтон» қонақ үйі ғимаратына еніп, зергерлік бұйымдардың көрмесі кезінде әшекейлерді жымқырып кеткен.