Лох Несс құбыжығын ғарыштан суретке түсіріп алды
АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат. Британдық Sun басылымы Google Earth жүйесінің көмегімен Шотландияның Лох Несс көлінде тіршілік ететін-міс лохнесс құбыжығын суретке түсіріп алды,
деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
Басылым бетінде жарияланған фотосуретте екі жұп жарғақ аяғы және үлкен құйрығы бар үлкен теңіз жануарына ұқсас нәрсенің бейнесі көрінеді.
Нессидің суретін көргендердің айтуынша, ондағы бейне бұрындары баспасөз беттерінде жарияланған құбыжықтың бейнесіне ұқсайтын көрінеді.