«Локомотив» АҚ республика деполарына қатаң тексеріс жүргізді

деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға еншілес «Локомотив» АҚ бүгін, үстіміздегі жылғы қыркүйектің 1-і мен қазанның 1-і күндері аралығында Қазақстанның локомотив деполарында қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының орындалуына қатысты жүргізілген тексерістің нәтижесін шығарды.
Депо басшылығы мен нұсқаушы-командалық топ, локомотив бригадаларымен қызметтік міндеттемелердің орындалуына байланысты 1,6 мыңнан астам тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 3,4 мыңнан астам ескертпе жасады. Кінәлі жұмыскерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Тексерушілер сондай-ақ машинист пен оның қызметтері арасындағы байланыстардың жүргізілу тәртібінің сақталуына жіті назар аударды. 1 мың 800-ден астам олардың араларындағы байланысты тыңдау жүзеге асырылып, 504 қателік анықталды. 300-ден астам жұмысшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қауіпсіздік құралдардың талаптарға сай болуын тексеру бойынша 1 мың 400-ден астам локомотив қаралды. Анықталған 460 ескерту сол мезетте жойылды.
Айлық нәтижесінде, темір жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты барлығы 1 мың 700-ден астам жұмысшы тәртіптік жауапкершілікке тартылса, Атырау, Мақат, Қандыағаш, Маңғыстау, Есіл және Арыс деполарындағы жұмыстар қанағаттанарлықсыз деп танылып, олардың бірінші басшыларына тәртіптік жаза қолданылды.
Ал еңбекті қорғау бойынша анықталған 520 қателік үшін 168 адам жауапқа тартылып, Атырау, Мақат, Матай, Сексеуіл, Жаңаарқа, Түркістан деполарының жұмыстары қанағаттанарлықсыз деген баға алды.