«Локомотив» футбол клубы жаттығу жиынын Бурабайда өткізіп жатыр

АЛМАТЫ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Астаналық «Локомотив» футбол клубы Бурабайда жаттығу жиынын өткізіп жатыр,

«Локомотив» футбол клубы жаттығу жиынын Бурабайда өткізіп жатыр

 деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар Көкшетаудағы әйгілі демалыс орнына маусымның 29-ы күні «Оқжетпес» командасымен өткен ойыннан кейін аттанған болатын. Олардың бұл жиыны шілденің 3-іне дейін созылмақ. Олар осы күні Астанаға қайта оралып жаңа стадионның ашылуына орай Қазақстанның жастар құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.  Одан кейін ойыншылар  премьер-лигадағы ел чемпионатының екінші кезеңіне дайындығын бастайды. Екінші кезеңдегі алғашқы кездесу шілденің 14-і күні «Оқжетпес» футболшыларымен болады. Егер «Оқжетпес» Еуропа лигасындағы бірінші іріктеу кезеңіндегі ойынында Молдованың «Зимбру» клубынан басым түссе, бұл матч шілденің 16-сына ауыстырылуы мүмкін. «Локомотив» бұдан кейін  шілденің 19-ы күні сырт алаңда ел чемпионатының көшбасшысы «Ақтөбемен» кездеседі. Ал үшінші кездесу шілденің 26-сы күні Астанада Өскеменнің «Восток»  клубымен жоспарланып отыр.