17:51, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
«Локомотив» футбол клубында бапкерлер ауысады
АЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Астанада «Локомотив» футбол клубының басшылығы жаңа бас бапкерді бекітпек,
деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Локомотив» футбол клубы өткен футбол маусымының соңында алматылық жеке командалардың негізінде желтоқсан айында құрылып, оның бас бапкері болып Вахид Масудов тағайындалған болатын. Ол бұл қызметке биыл 1-ші лигаға түсіп қалған «Қайрат» футбол клубынан ауысып келді. В. Масудов оған дейін «Достық», «Елімай», «Қайрат», «Шахтер», «Восток», «Тараз», «Ақтөбе», «Жетісу» командаларында бас бапкер боп қызмет жасаған еді. «Қаржы мәселесі дұрыс шешілсе, «Локомотив» алдағы жылы жүлделі орынға таласатын команданың бірі болады», деген бас бапкер биыл жаңа маусымның басталуына бір апта қалғанда өз еркімен қызметтен кетті. «Локомотив» футбол клубының баспасөз хатшысы Марат Исабаевтың айтуынша, қазір бас бапкердің міндетін В. Масудовтың көмекшісі Владимр Гулямхайдаров атқарып жатыр. Наурыздың 4-інде болатын клуб басшылығының мәжілісінде бас бапкер болып Владимир Гулямхайдаров немесе Ни Сергей Юран тағайындалуы мүмкін.