«Локомотив» ХК бапкерінің зайыбы күйеуінің қаза болғанын естіп, жол апатына ұшырады

АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ярославль түбіндегі әуе апатында қайтыс болған «Локомотивтің» 41 жасар бапкері Александр Карповцевтің зайыбы Диана Карповцева күйеуінің қазасы жайында естіп, Түркиядан шұғыл түрде қайтып келді,

«Локомотив» ХК бапкерінің зайыбы күйеуінің қаза болғанын естіп, жол апатына ұшырады

деп хабарлайды Life News.

Диана баласымен бірге Түркияда демалған болатын. Әуежайда оған күйеуі Александр Карповцев «Як-42» әуе көлігінде апатқа ұшырап, қаза болғандығы хабарланды.

Порталдың дерек көзге сілтеме жасап хабарлауынша, мәйітті тануға бара жатқан кезде жұбайының өзі жол-көлік апатына ұшыраған.

«Диананы баласымен Мәскеуде біздің хоккей клубымыздың ұжымдық шағын автобусы күтіп алған болатын. Келе жатқан жолда олар қарсы бағыттағы автокөлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Нәтижесінде Диана Карповцева жарақат алды. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ярославльдік перинаталдық орталыққа жатқызу жөнінде шешім қабылдаған», - деп хабарлады Ярославль облысы әкімшілігіндегі дерек көзі.

Бетпе-бет соқтығысу кезінде шағын автобустың терезесі сынып, үгітілген шыны Карповцеваның көзіне тиген. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп үлгерді.

Ярославльге Диананы жаттықтырушының бауыры жеке көлігімен өзі жеткізді. Қазір әйел медицина қызметкерлерінің жіті қадағалауында. Оның өмірі мен денсаулығына төнген еш қауіп жоқ.