«Локомотив» клубының қақпашысы жаттықтырушылық қызметке ауысты

«Локомотив» клубының  қақпашысы жаттықтырушылық қызметке ауысты

         АЛМАТЫ. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - «Локомотив» клубының қақпашысы Евгений Набойченко өзінің жасыл алаңдағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат  клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

         Клуб басшылығы оған команданың қосалқы тобының қақпашыларын жаттықтыру қызметін ұсынған.Бұл қызметке Набойченко шілденің 16-ы күні кірісіп кетті. Набойченконың орнына  Давид Лория қайтып келді.

         Евгений Набойченко 1970 жылы туған.Түрікменстанның «Копетдаг», «Ниса», Қазақстанның «Қайрат», «Железнодорожник», «Мегаспорт» клубтарында, Қазақстанның жоғары дивизионында өнер көрсеткен. Республика чемпионы, ҚР Кубогының 3 мәрте иегері, Түрікменстанның 5 дүркін чемпионы, Түрікменстан Кубогының 3 дүркін иегері.