«Локомотоивтің» қаза болған хоккейшілерінің туыстары «Як Сервис» әуе компаниясын сотқа берді

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Ярославлдық «Локомотив» командасының қайтыс болған хоккейшілерінің туыстары «Як Сервис» әуе компаниясын сотқа беріп, моральдік өтемақы ретінде 104 млн. рубль төлеуін талап етіп отыр.

«Локомотоивтің» қаза болған хоккейшілерінің туыстары «Як Сервис» әуе компаниясын сотқа берді

Алты хоккейшінің артында қалған туыстары өтемақы төлеуге қаржы жетпейтін болса әуе компаниясының акционерлерін де жауапқа тартуды сұрап отыр. Бұл арыз бойынша «Як Сервистен» бөлек тағы төрт сақтандыру компаниясы да сот алдында жауап бермек. Еске салайық, 2011 жылы «Локомотив» клубының ойыншылары мінген «Як Сервис» компаниясының Як-42 ұшағы апатқа ұшырап, 44 адам көз жұмды. Арада екі апта өткен соң компанияның ұшуға берілген лицензиясы күшін жойған болатын, деп жазады Лента.ру.