Лондон әлемдегі туристік астаналар көшін бастауы мүмкін
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Лондонға келген шетелдік туристер саны рекордтық көрсеткішке жетті - биылғы жылдың алғашқы жартысында келушілер 8 млн-ға жеткен. Егер осы үрдіс жалғасатын болса, Ұлыбритания астанасы Бангкокты артқа тастап, әлемдегі туристер үшін ең қызықты қала атануы ықтимал.
Бұл үшін Лондон 16 млн-нан астам адамды қабылдауы тиіс, деп хабарлайды Росбалт. Мысалы, Бангкокқа өткен жылы 15,98 млн. адам келген болса, ал үшінші орындағы Парижге - 14 млн., Нью-Йоркке - 11,5 млн. адам сапар шеккен.