«Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы акционерлердің ауысқаны туралы хабарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 шілде күні «Dostyk Leasing» жауапкершілігі шектеулі компаниясының «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы» АҚ акцияларының 100 пайызын сатып алу бойынша келісімі аяқталды.
None
None

БТА Банкінің «Лондон-Алматы СК» еншілес ұйымы» енді «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылмайды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Бұған дейін, 17 маусымда ҚР Ұлттық банкі №103 қаулысымен «Dostyk Leasing» ЖШС-не Ұйымның сақтандыру холдингінің дәрежесін сатып алуға келісімін берді.

Директорлар кеңесінің жаңа төрағасы болып Ерік Балапанов сайланды.

«Лондон-Алматы» СК басқармасының төрайымы Джанна Ахметжанова компанияның алдағы жоспарларымен қысқа бөлісіп өтті.

«Жаңа акционердің келуі компанияның дамуында жаңа айналымға өтіп, сол арқылы біздің қазақстандық нарық үшін қажетті сақтандыру өнімдерінің кең спектрі бар әмбебап қаржы мекемесі ретіндегі позицияларымызды нығайтуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, біз қазіргі бизнес-процестердің максималды сабақтастығын қамтамасыз етіп, Ұйымның барлық қазіргі және болашақ серіктестерімен ынтымақтастықты сақтап, кеңейтуді жоспарлаудамыз. Сондай-ақ біз компанияның нарықтық бағасын өсіруге және нарықтың үлкен үлесі мен активтерді өсіру арқылы табысты барынша көбейтуді, клиенттер мен іскерлік серіктестер алдында өз міндеттерін орындайтын сенімді әрі беделді сақтандырушы атағы бар компания имиджін сақтап, дамытуды көздеп отырмыз»,- деді ол.

«Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы 1997 жылы құрылған. Бүгінде ұйымның Қазақстанның 14 ірі аймағында, соның ішінде Алматы және Астанада өз нүктелері бар.

Соңғы жаңалықтар