Лондон: апатқа жол бермеуге 50 күн қалды

АСТАНА.  Қазанның  19-ы. ҚазАқпарат -    Жаһандық   жылымықтың   алдын  алу   мәселелері  бойынша       Копенгагенде өтетін  БҰҰ  саммиті  қарсаңында, әлемдік  қоғамдастықтың   климаттық өзгеріс  бойынша келіссөздер өткізулеріне  50 күн уақыты   ғана  қалды,   деп  ескертті  Ұлыбритания    премьері  Гордон Браун.

Лондон: апатқа  жол   бермеуге  50 күн  қалды

Бұл  туралы Би-Би-Си  телекомпаниясы  хабарлап  отыр.

Гордон  Браун парник   эффектісін  туғызатын  зиянды  газдарды   көп  шығаратын   жетекші елдердің  өкілдерінің алдында      Лондонда сөйлеген сөзінде, Копенгаген кездесуінде аталмыш  келісімге  қол жеткізілмесе, әлемге    үлкен    қауіп төніп тұрғанын мәлім етті.

Британ  премьерінің айтуынша,  бірақ та  саммит  қарсаңындағы  келіссөздер тым баяу жүріп  жатыр. Сондықтан да  ол, келіссөздерді  тығырықтан   шығару  үшін жетекші елдердің басшыларын   аталмыш   мәселелермен  өздері айналысуға     үндеді.