Лондон билігі метрода жолаушыларға жасалған шабуылды лаңкестік деп атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британия полициясы Лондондағы метрода орын алған ер адамның жолаушыларға шабуылын лаңкестік әрекет ретінде таныды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
None
None

Қолына қанжар алған ер адам жексенбіге қараған кеште «Лейтонстоун» стансасында жолаушыларға шабуыл жасаған. БАҚ деректеріне сүйенсек, ол үш адамды жараланған. Ақпаратқа сүйенсек, ол бір жолаушыны пышақтар алдында «Бұл Сирия үшін!» деп айқайлаған. Қылмыскерді полиция ұстады.

Соңғы жаңалықтар