Лондон Еуроодаққа Brexit үшін 40 млрд еуро төлейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық үкіметте жоғары лауазымды шенеуніктер одақтан шығуына байланысты өздерінің қаржы міндеттемелерін жабуы үшін Еуроодаққа 40 миллиард еуро төлейді, деп хабарлады The Telegraph газеті. Басылым мұндай шешім Лондонда келіспеушілік тудыруы мүмкін деп қауіптенуде.
Газет дереккөзінің айтуынша, ұсынылған сома - Брюссельмен дауды шешуге мүмкіндік беретін жалғыз нұсқа. «Келіссөз үдерісіне дейін болғандар қазір жұмыс істемейді. Олардың ұстанымы - 60 миллиард еуро екенін білеміз. Шындығында төменгі шек - 50 миллиард деңгейінде. Бізде 30-ға жақын. Алайда қолайлы сома 40 миллиард еуроға тең», - деп атап өтті ол.
The Telegraph деректеріне сәйкес, Британия егер Брюссель «айыппұлды» алдағы, атап айтқанда сауда қатынастары туралы келісімнің бөлігі деп таныған жағдайда ғана белгіленген соманы төлеуге келіседі.
Брюссель, еске салсақ, ЕО-дан шығар алдында Ұлыбританияның төлем талаптарын 50-ден 100 млрд еуроға дейін бағалады.
ЕО-дан шығу туралы референдум Ұлыбританияда өткен жылы жазда өтті. Корольдіктің 51,9% тұрғыны елдің одақтан шығуына, 48,1% оған қарсы дауыс берді. Осыдан кейін Британия премьері орнына Тереза Мэй келді. 2017 жылғы наурызда ол «брекзитті» іске қосатынын хабарлады.