Лондон қонақтары түрмеде қона алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонға келетін туристер түрме камерасында қонып шыға алады. Бұндай мүмкіндікті туристерге Clink78 қонақүйі жасап отыр. Бұл қонақүй ескі түрме ғимаратында орналасқан екен.
None
None

Ескі түрменің камераларын жатын бөлмелерге айналдырып, заманға сай жөндеуден өткізсе де, терезедегі темір торларды қалдырған. Қонақтар жеке бөлмелерді немесе аралас бөлмелерді таңдай алады. Бұндай ерекше қонақүйдің бір түні 50 фунт немесе 60 еуро тұрады. Сонымен қатар қонақүйде кинозал мен кір жуатын орын бар, деп жазады шетелдік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар
Референдум