Лондон көшелерінде электр велосипедтер жүретін болады
АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Британ астанасында электр велосипедтер жүретін болады. Лондон мэрі Борис Джонсон жасаған мәлімдемеге сәйкес келесі жылдан бастап қалада электр велосипедтер жүре бастады, оларды пайдалану аумағы бірте-бірте кеңейе түседі, деп хабарлады Питер-Питер.ру.
Бастапқы кезеңде жаңа бастаманы тестілеу кезінде екідөңғалақты машиналардың саны онша көп болмайды. Бұл экзотикалық көлік түрінің басты жетістігі жолдың күрделі учаскелерінде және қыратты жерлерде велосипедшіге күш түсірмейді.
Лондон мэриясы электр велосипедтерді сатып алуға және оларды зарядтайтын станса құрылғыларына 900 миллион фунт стерлингтен астам қаржы бөлді. Екідөңгелекті көлікті негізінен лондондық полицейлер пайдаланатын болады.