Лондон көшесіне аспаннан жансыз дене құлап түсті

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Лондондағы "Хитроу" халықаралық әуежайынан шамамен 15 шақырым жерде орналасқан Мортлейк ауданы аумағына аспаннан ер адамның жансыз  денесі түсті,

Лондон көшесіне аспаннан  жансыз дене құлап түсті

деп жазады The Daily Mail .

Алдын ала болжам бойынша, қаза тапқан Солтүстік Африканың 30 жастағы тумасы Британияның көші-қон бақылауын айналып өтуді ойлап, «Хитроу» әуежайына қонатын ұшақтардың бірінің шассиіндегі қуысқа кіріп кеткен.

 Сарапшылардың айтуынша, ер адам құлар алдында өлі болған: оны ұшу кезіндегі ұшақ шассиінің жиналуынан немесе әуе кемесінің биіктікте ұшқандағы аса төмен температура әсерінен көз жұмған. Ұшақ қону үшін төмендей бастағанда адамның өлі денесі бірнеше мың метр биіктіктен көшеге құлап түсті.