Лондон мэрі қала орталығында Маргарет Тэтчерге ескерткіш орнатуды ұсынды

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Ұлыбритания астанасының мэрі Борис Джонсон өткен дүйсенбіде 87 жасында дүниеден озған бұрынғы премьер-министр Маргарет Тэтчерге қала орталығында ескерткіш орнатуға ниеттеніп отыр.

Лондон мэрі қала орталығында Маргарет Тэтчерге ескерткіш орнатуды ұсынды

Осыған орай қала басшысы әрі Маргарет Тэтчердің партияласы лайықты орын қарастыруды тапсырды. Бұл туралы британдық БАҚ-тар хабарлады.

Мэрдің пікірінше, баронесса Тэтчер қаланың орта тұсында ескерткіш орнатуға лайықты еңбек сіңірді.

Маргарет Тэтчердің мүсіні 2007 жылы Ұлыбританиялық парламенттің мәжілісі өтетін - Вестминстер сарайында қойылды.