Лондон олимпиадасына әзірге 80 жолдамамыз бар

Қазақстандық спортшылар Лондондағы Олимпиадаға барлығы 80 жолдама ұтып алды. Бұл туралы спорт және дене шынықтыру жөніндегі агенттікке сілтеме жасай отырып, Massagan.com сайты хабарлады.
2 мамырға дейінгі нәтиже бойынша, ауыр атлетикадан 8 жолдама, таэквондодан 3, велошосседен 2, спорттық гимнастикадан 2, көркем гиманстикадан 1, мылтық атудан 2, бокстан 9, синхронды жүзуден 2, семсерлесуден 3, еркін күрестен 7, жеңіл атлетикадан 12, грек-рим күресінен 5, әйелдер күресінен 3, байдаркада және каноэда есу - 4, байдаркада және каноэда слаломдық есу - 1, стендтік ату - 1, су добы - 13, Академиялық есу - 2 жолдамаға ие болдық.
Айта кетелік, жеңіл атлетика, грек-рим күресі, әйелдер күресі, дзюдо, жүзу, теннис, пляждық воллейбол, велотрек, триатлон спорт түрлерінен бәсеке әлі аяқталған жоқ. Қазақстандықтар жалпы 25 спорт түрінен 100 жолдамаға ие болады деп күтілуде.
Олимпиада жолдамасына ие болған спортшылар мыналар:
1. Ауыр атлетика - 8 жолдама
Чиншанло Зульфия (53 кг) Алматы облысы
Манеза Майя (63 кг) Алматы облысы
Подобедова Светлана (75 кг) Алматы облысы
Ильин Илья (94 кг) Қызылорда облысы
және тағы 4 жолдама бар.
2. Байдаркада және каноэда есу - 4 жолдама
Сергеева Наталья (К1 -500 м) Алматы қаласы
Дергунов Алексей (К-2 1000 м) Батыс Қазақстан облысы
Алексеев Евгений (К-2 1000 м) Оңтүстік Қазақстан облысы
Дядчук Александр (С-200 м) Алматы қаласы
3. Таеквонда - 3 жолдама
Мамаев Нұрсұлтан (58 кг) Оңтүстік Қазақстан облысы
Айтмұхамбетова Гульнафис (+67 кг) Атырау облысы
Ергешова Феруза (67 кг) Оңтүстік Қазақстан облысы
4. Шоссе жарысы - 2 жолдама
5. Байдаркада және каноэда слаломдық есу - 1
Черкасов Сергей (Каноэ -1) Шығыс Қазақстан облысы
6. Спорттық гимнастика - 2 жолдама
Горбачев Степан (көпсайыс) Алматы қаласы
Әзімбаева Мөлдір (көпсайыс) Оңтүстік Қазақстан облысы
7. Көркем гимнастика - 1 жолдама
Алябьева Анна (көпсайыс) Астана қаласы
8. Нысана көздеу - 2 жолдама
Подлесный Вячеслав (50м пистолет) Павлодар облысы
Ольга Довгун (үш жағдайда нысана көздеу) Астана қ
9. Стендтік ату - 1 жолдама
Ангелина Мищук (Скит) Оңтүстік Қазақстан облысы
10. Су добы - 13 жолдама
Ерлер командасы. Алматы қаласы
11. Бокс - 9 жолдама
Біржан Жақыпов (49 кг) Оңтүстік Қазақстан облысы
Ілияс Сүлейменов (52 кг) Астана қаласы
Әбутәліпов Қанат (54кг) Астана қаласы
Ғани Жайлауов (60 кг) Жамбыл облысы
Елеусінов Данияр (64 кг) Астана қаласы
Серік Сапиев (69 кг) Қарағанды облысы
Сужанов Данабек (75 кг) Шығыс Қазақстан облысы
Ниязымбетов Әділбек (81 кг) Манғыстау облысы
Иван Дычко (+91 кг) Қостанай облысы
12. Семсерлесу - 3 жолдама
Әлімжанов Эльмир (Шпага) Алматы қаласы
Алексанин Дмитрий (Шпага) Алматы қаласы
Живица Юлия (Қылыш) Алматы қаласы
13. Синхронды жүзу - 2 жолдама
Кулькина Анна (Дуэт) Алматы
Әйгерім Жексембинова (Дуэт) Алматы
14. Жеңіл атлетика - 12 жолдама
Ивонинская Наталья (100 м с/б) Оңтүстік Қазақстан облысы
Рыпакова Ольга (үш қарғып секіру) Шығыс қазақстан облысы
Эктова Ирина (қатарынан үш рет секіріп түсу) Солтүстік Қазақстан облысы
Айман Қожахметова (спорттық жүріс) Алматы облысы
Карпов Дмитрий (көпсайыс) Қарағанды облысы
Ольга Блудова (100 м) Қарағанды облысы
Эктов Евгений (қатарынан үш рет секіріп түсу) Солтүстік Қазақстан облысы
Аитова Марина (биіктікке секіру) Алматы
Сопрунова Анастасия (100 м с/б) Шығыс Қазақстан облысы
Мацко Маргарита (800м-ге жүгіру) Солтүстік Қазақстан облысы
Зябкина Виктория(200 м.) Алматы
Шейко Георгии (спорттық жүріс 20 км) Батыс Қазақстан облысы
15. Әйелдер күресі - 3 жолдама
Эшимова Жұлдыз (48 кг) Астана қаласы
Шалыгина Елена (63 кг) Оңтүстік Қазақстан облысы
Манюрова Гузель (72 кг) Алматы қаласы
16. Еркін күрес - 7 жолдама
Ниязбеков Дәулет (55 кг) Қызылорда облысы
Жұмағазиев Дәурен (60 кг) Алматы облысы
Таңатаров Ақжүрек (66 кг) Жамбыл облысы
Шапиев Абдулхаким (74 кг) Батыс Қазақстан облысы
Тигиев Таймураз (96 кг) Батыс Қазақстан облысы
Марид Муталимов (120 кг) Манғыстау облысы
Ермек Байдуашов (84 кг )
17. Грек-рим күресі - 5 жолдама
Кебеспаев Алмат (60 кг) Астана қаласы
Баяхметов Дархан (66 кг) Шығыс Қазақстан облысы
Ділмұхамедов Асхат (74 кг) Алматы облысы
Даниял Гаджиев (84 кг) Батыс Қазақстан облысы
Нұрмахан Тінәлиев (120 кг) Алматы облысы
18. Академиялық есу - 2 жолдама
Владислав Яковлев
Светлана Германович
19. Дзюдо (әйелдер)- 1 жолдама (алдын ала мәлімет бойынша)
Иссанова Гүлжан (+78 кг) (Халықаралық дзюдо федерациясының шешімі 2012 жылғы 10-шы мамырда жарияланады)
20. Дзюдо (ерлер) - 7 жолдама (алдын ала мәлімет бойынша)
Қосаев Еркебұлан (60 кг)
Сергей Лим (66 кг)
Ибрагимов Ринат (73 кг)
Бозбаев Ислам (81 кг)
Болат Тимур (90 кг)
Максим Раков (100 кг)
Шинкеев Ержан (+100 кг) (Халықаралық дзюдо федерациясының шешімі 2012 жылғы 10-шы мамырда жарияланады)