Лондон Олимпиадасына дайындық өте жоғары деңгейде өтіп жатыр -Т. Ермегияев

АСТАНА.  20 маусым. ҚазАқпарат -  Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен спорттағы жоғары жетістіктер мен дене шынықтырудың одан әрі дамуына арналған республикалық кеңес өтті.

Лондон Олимпиадасына дайындық өте жоғары деңгейде өтіп жатыр -Т. Ермегияев

Кеңес барысында алдағы Лондон Олимпиадасына дайындық жұмыстары да талқыланды.

«Алдында біз Олимпиадада 13 медальді иелену жоспарын айтқанбыз. Оның ішінде 3 алтынды қанжығаға байлау межеленіп отыр. Сол жоспарымыздан үміттіміз», - деп атап өтті кеңестен кейін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев.

«Атап айтқанда, бізде бүгінде Олимпиада бойынша ешқандайда проблема жоқ. Дайындығымыз өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бапкерлер мен спортшыларға барлық жағдайлар жасалды. Енді спортшыларымызға іске сәттілік тілейміз», - деп түйіндеді агенттік басшысы.