Лондон Олимпиадасына жолдамаларды тарату спорттың 10 түрі бойынша ғана аяқталды - Павел Новиков

АЛМАТЫ. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан Лондон Олимпидасында Бейжіңдегіден сапалы өнер көрсетпек.

Лондон Олимпиадасына жолдамаларды тарату спорттың 10 түрі бойынша ғана аяқталды - Павел Новиков

Оны ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті Павел Новиков бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Ұлттық олимпиадалық комитет спортшылардың дайындығы мен лицензиялық талаптардың орындалуын әрдайым мұқият  қадағалап отырады.  Лондонда Бейжің Олимпиадасы деңгейінде өнер көрсетуді жоспарлап отырмыз. Тіпті сапа жағынан одан жоғары болуы мүмкін», - дейді Павел Новиков.

Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Тимур Досымбетовтың айтуынша, Лондон Олимпиадасының жолдамалары қазіргі кезде спорттың 10 түрі бойынша ғана аяқталды.

«Лондон Олимпиадасында Қазақстан бокс, күрес, ауыр атлетика сияқты елімізде жоғары деңгейде дамыған спорт түрлері бойынша жүлделі орындарға таласпақ. Сондай-ақ Олимпиада жолдамаларын иелену әлі аяқталған жоқ. Сондықтан оның саны  64-тен де көп болатынына еш күмән жоқ», - деді Т. Досымбетов.