Лондон олимпиадасында алтын алатын ойымыз бар - бас бапкер М.Айтжанов
АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиадада біз бір алтын, бір күміс және бір қола аламыз деп жоспарлап отырыз. Бүгін Астанада өткен мәспасөз мәслихатында бокстан ҚР Ұлттық құрама командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов осылай айтты.
«Баку қаласында өткен Әлем чемпионатында біз барлық тактикалық қателерімізді түсіндік. Әрине, ол жарыстарда өз үмітін ақтай алмаған бокшыларымыз болды. Оған қарамастан, екі күміс және екі қола алу біз үшін - абырой. Енді, Лондон Олимпиадасында бір алтын, бір күміс және бір қола алатын ойымыз бар», - дейді М.Айтжанов.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның бокстан құрама командасында 6 олимпиадалық жолдама бар. Алдағы уақытта тағы 4 төрт жолдама Астанада өтетін іріктеу турнирінде сарапқа салынбақ.