Лондон Олимпиадасында Қазақстанның намысын 15 палуан қорғайды

Олимпиада жолдамаларын сарапқа салған соңғы турнир бүгін Финляндияның Хельсинки қаласында аяқталды. Өкінішке қарай,грек-рим күресінде жеті салмақ дәрежесі ішінен біз 55 және 96 келі бойынша лизенция ала алмадық. Ол додада Қазақстанның палуаны Марат Кәрішалов (55 келі) бірінші айналымнан шыға алмады. Алхазур Оздиев (96 келі) те бүгін бірінші қарсыласы - литвалық Миндаугас Эзеркистен ұтылып қалды. Сондай-ақ бүгін шаршы алаңға шыққан Айым Әбілдина (55 келі) да өз қарсыласынан айласын асыра алмай, 0:2 есебімен жеңілді. Оған молдовалық Людмиле Кристи қарсы шыққан болатын.
Жалпы, Лондон Олимпиадасында Қазақстанның намысын 15 палуан қорғайды. Олардың ішінде грек-рим күресінен - 5, еркін күрестен 7 және әйелдер күресі бойынша қатысатын 3 палуан бар.