Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Лондон: ондаған мың адам «брекситке» қарсы шеруге шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ондаған мың лондондықтар қала орталығында Британияның Еуроодақтан шығуына қарсы шеруге шықты. 23 маусымдағы референдумнен кейінгі ең бұқаралық қарсылық акциясының қатысушылары парламент елдің ЕО-дан шығуын болдырмауға ықпал етеді деп үміттенуде.

Лондон: ондаған мың адам «брекситке» қарсы шеруге шықты

«Еуропа үшін шеру» қатысушылары Гайд-парк шекарасында жиналып, үш шақырымдық жолбағытпен үкімет ғимаратының қасынан парламентке бет алды. Парламент жанында митинг-концерт жоспарланған, деп хабарлады Би-би-си.

 «Біз «брекситті» тоқтата аламыз. /.../ Біз парламенті ақылға қонымды шешім қабылдап «брекситті» қайта қарау үшін қажеті нәрсенің бәрімен қаруландыра аламыз. Өкімет қайткенде де халықтың қолында және біз немқұрайды болмасақ және ұйымдаса білсек, жағдайды өзгерте аламыз», - делінген «Фейсбуктің» шеру парақшасында.

Алдымен, 23 маусымдағы референдумнен кейін екі бастамашыл топ - қарапайым азаматтар адамдарды екі қарсылық маршын бір  жолбағытпен бір мезгілде өткізуге шақырды. Шеруге дейінгі екі күн ішінде олар топтасып, екі парақшаны да  "March For Europe" (Еуропа үшін шеру) деп атады.

Екінші парақшада шерудің соңғы пунктінде, парламент жанында митинг-концерт өтетінін, онда саясаткерлер ғана емес, музыканттар мен ақындар да сөз сөйлейтінін хабарлады.

Жоспарланған шараға әлеуметтік желілердің 34 мың пайдаланушылары қатысатынын білдірді, алайда маршқа одан да көп адам қатысып жатқан тәрізді.

Сейсенбі күні Лондонның орталығында алғашқы жартылай стихиялы ЕО-дан шығуға қарсы алғашқы митинг өтті. Митингіге қатысушылар Трафальгар алаңына жиналды, одан кейін парламентке қарай ауысты.

Британия тұрғындарының көпшілігі Еуроодақтан шығуға дауыс берген болатын.

Келесі күні референдум қорытындысы жарияланғаннан кейін қайта дауыс беру өткізуді талап еткен петицияға 2 миллионнан астам адам қол қойды, бүгінгі күні - олардың саны 4 миллионнан асты.