Лондон орталығын бірнеше сағат бойы қараңғылық басты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британ астанасы жұма күні бірнеше сағат жарықсыз қалды.
Twitter пайдаланушылардың хабарлауынша, Сохо, Риджент-стрит, Чайна-таун аудандарында және Пикадилли алаңында жұмыс күнінің соңында, жергілікті уақыт бойынша 17:30-да жарық бірден сөнген. Көптеген дүкендер, мейрамханалар және тұрғын үйлерді қараңғылық тұмшалады.
Бұдан басқа метрополитеннің бір желісінде пойыздар қозғалысы тоқтады.
БАҚ-тың хабарлауынша, энергия жүйесіндегі мұндай оқыс жағдай тұрғындардың «қара жұма» күнгі жаппай сатылымға байланысты қала орталығына шоғырлануынан болған.