Лондон орталығында дәстүрлі даяшылар жарысы өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонның Сохо ауданында жыл сайынғы даяшылар жарысы өтті, деп жазады Би-би-си.
Даяшылар үстіне аққайнар қойылған табақты бір қолымен ұстап бірнеше көшені жүгіріп өтуі тиіс болған.
Бұл додада 28 жастағы Чарли Браун жеңіске жетті. Жарысқа 30 даяшы қатысты.