Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Лондон орталығында тағы бір көлік 4 адамды қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат -    Лондон орталығында автомобиль жүргіншілерді қағып кетті, салдарынан 4 адам жарақат алды, деп хабарлады жергілікті полиция БАҚ-қа.

Лондон орталығында тағы бір көлік 4 адамды қағып кетті

Көлік жүргізуші мен жолаушылар апаттан кейін көліктен шығып бой тасалаған. Бір ер адам ұсталды. Тергеу жүріп жатыр. «Қылмыс теракт ретінде бағаланбайды», дейді полициядан.

Сәрсенбіде Лондонда туристер көп баратын жерде  - Вестминстерск көпірінде  лаңкестік орын алды. Көпірде келе жатқан көлік жүргінші жолына шығып, бірнеше адамды соғып кеткен. Артынша ол парламент ғимаратына келген, бұл жерде қаскүнемді полиция тоқтатты.  Қылмыскер полицейге пышақ тығып алған,  артынша сақшы көз жұмды. Ал 52 жастағы британдық лаңкес Халид Масудты екінші полицей атып өлтірді.