Лондон пойызында құны 1,3 миллион доллар тұратын гауһар тастар ұрланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон полициясы Бирмингемде тұратын зергердің құнды бұйымдары бар чемоданын ұрлап кеткен бауккеспені іздеп жатыр. 

Лондон пойызында құны 1,3 миллион доллар тұратын гауһар тастар ұрланды

Британдық азамат гауһар тастар салынған шабаданды пойыздың жоғары сөресіне қойған.Дегемен қаскүнемдердің видеокамераларға түсіп қалған суреттері бар, деп хабарлайды Yahoo!.

Кәсіпкер Лондондағы Euston станциясынан пойызға отырған, алайда қол жүгінің ұрланғанын жарты сағаттан кейін, Rugby платформасында байқаған. Шабаданда құны 1,3 миллион доллар тұратын жақұт, лағыл, зүмірет тастар болған.

Қылмыскерлерді таба алмай жатыр.