Лондон Ситиде «Еуропаға жол» бағдарламасы мен ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы іс-шараларына арналған дөңгелек үстел өтті

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат. Ақпанның 19-да Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі мен Лондонның халықаралық қаржы қызметінің (IFSL) ұйымдастыруымен халықаралық қаржы орталықтарының бірі Лондон Ситиде ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы қолданып жатқан шараларын талқылау мен «Еуропаға жол» бағдарламасын таныстыру мақсатында дөңгелек үстел өтті,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа СІМ баспасөз қызметінен.Дөңгелек үстелге Лондон Ситидің Лорд мэрі, Британ сауда және инвестициялар агенттігі, Лондон қор биржасы, Британ өнеркәсіп конфедерациясы, рейтингтік агенттіктер мен HSBC, PricewaterhouseCoopers, Willis, AIG, PBN, Chown Dewhurst, Eversheds, DentonWildeSapte сияқты қаржылық құрылымдардың және Қазақстанда жұмыс жасайтын бірқатар компаниялардың өкілдері қатысты. Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Қ.Әбусейітов қатысушыларды «Еуропаға жол» бағдарламасының негізгі қағидаларымен, Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге дайындығы және ДСҰ-ға кіру бойынша келіссөздер жайы туралы таныстырды. Елші Үкіметтің экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралары және Қазақстандағы қазіргі саяси-экономикалық жағдай туралы айтып берді. Жиынға қатысушылар қазақ-британ қарым-қатынасына тоқтала келе, екі елдің шағын және орта бизнес өкілдері арасында сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мақсатында Лондонда құрылған Сауда-өнеркәсіптік палатаның маңызын ерекше атады.Ұлыбританияның іскер топтарының өкілдері Қазақстандағы ахуалды мұқият қадағалап отырғанын айтып, ҚР Үкіметінің макроэкономикалық тұрақтандыру мен тұрақты экономикалық дамуға бағытталған іс-шараларын құптайтынын жеткізді. Қатысушылар Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларындағы компаниялардың қаржысын өсіру мен корпоративтік басқару деңгейін көтеру мақсатында оларды Лондон қор биржасына тарту ісіне ынта білдірді. Сонымен бірге Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық-инновациялық ынтымақтастықты кеңейту «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға көмектесетіні айтылды.
Соңғы жаңалықтар