Лондон соты Қазақстан Үкіметінің пайдасына шешім шығарды
АСТАНА.ҚазАқпарат - 2016 жылғы 2 ақпанында Лондон қаласы Жоғарғы Сотының Коммерциялық соты «Эрдэнэт» моңғолдық компаниясының Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарсы талап-арызын қабылдамай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің пайдасына шешім шығарды.
Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Эрдэнэт» 1995 және 1996 жылдары жасалған келісімшартттар бойынша «Балқашмыс» ААҚ-нан «Эрдэнэтке» тиесілі қарызға қатысты талап-арыз берді. «Балқашмыс» ААҚ 1999 жылы таратылған жеке заңды тұлға болғанына қарамастан, «Эрдэнэт» Қазақстан Республикасының Үкіметі «Балқашмыстың» қарыздары бойынша жауапты екенін айтты.
2014 жылғы желтоқсанда «Эрдэнэт» Қазақстан мен Моңғолия арасындағы келіссөздерде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ағылшындық сот юрисдикциясына келісім бергеніне сілтеме жасай отырып, Ағылшындық коммерциялық сотта Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарсы талап-арызға бастама жасады.
2016 жылғы 2 ақпанда Ағылшын Коммерциялық соты юрисдикцияның жоқтығы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі пайдасына шешім қабылдады.
Соттың пікірі бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі юрисдикция бойынша ешқандай уағдаластық жасалмағаны бойынша «дәлелдірек айғақтар» ұсынды.
Сот Эрдэнэтты 200 000 фунт стерлингті ҚР Үкіметінің пайдасына төлеуге міндеттеді. Сонымен қатар, Эрдэнэттың шағымдануға арызын қабылдамады. Сот шешімін Ағылшын Апелляциялық сотымен өзгертуді мүмкін емес деп санады.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің мүддесін Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігімен Reed Smith компаниясымен бірге өкілдік етті.