09:18, 25 Қараша 2011 | GMT +5
Лондон тауар биржасында мұнайдың әлемдік бағасы 0,76 долларға көтерілді
АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - 24 қарашадағы сауданың қорытындысымен Лондондағы электрондық тауар биржасында мұнайдың ресми бағасы көтерілді, деп хабарлады РБК агенттігі.

Лондондағы электрондық тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 0,76 долларға көтеріліп, баррелі 107,78 долларға жетті.
АҚШ-та 24 қараша Алғыс күні мерекесі болғандықтан қорларда сауда өткізілген жоқ. Бұл қарашаның соңғы бейсенбісінде аталып өтетін дәстүрлі ежелгі отбасылық мейрам болып есептеледі.