12:22, 29 Тамыз 2015 | GMT +5
Лондон тұрғыны үйінің жертөлесінде рұқсатсыз салған бассейн үшін 180 мың фунт төлейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонның солтүстігіндегі Хэмпстедтегі баспана иесі өз бетінше үйдің құрылысын өзгерткені үшін жергілікті кеңеске 180 мың фунт стерлинг төлейді, деп жазды The Guardian.

Марк Сэмюэлс 2007 жылы Hampstead Garden Suburb Trust қоғамдастығынан 2,9 млн фунт стерлингке учаске сатып алған. Жергілікте ережелерге сәйкес, жер үстіндегі екі қабатты үймен бірге ол бір қабатты жертөле қазуға құқылы болды. Үй иесі бұл мүмкіндікті пайдаланды, мұнымен тоқтамай ол жер астында тағы бір қабат қазып оған бассейн, тренажер залы мен кинотеатр орналастырған.