Лондонда 110 жасаған кейуана өмірден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британия астанасы ауруханаларының бірінде жексенбі күні Холокост қырғынын бастан кешкен, әлемдегі ең жасы үлкен адамдардың бірі саналатын 110 жастағы Алиса Херц-Зоммер өмірден өтті.

Лондонда 110 жасаған кейуана өмірден өтті

Бұл туралы оның отбасы мүшелері хабарлады.

Алиса Херц-Зоммер 1903 жылы Прагада еврейлер отбасында дүниеге келген, кәсіби пианист болған.

1943 жылы ол өзінің ұлымен қоса Терезиенштадтқа концлагерьге жіберілген. Алисаның күйеуі мен анасы да лагерьге қамалған, олар сонда ажал құшты.

1949 жылы Херц-Зоммер ұлымен бірге Прагадан Израильдегі туыстарына көшкен. Онда Лондонға қоныс аударған 1986 жылға дейін Иерусалим консерваториясында отбасы сабақ берген.

Өткен жылы режиссер Малькольм Кларк концлагерьлердің бұрынғы тұтқын әйелінің өмірі жайлы «Нөмірі алтыншы әйел: Музыка менің өмірімді құтқарды» деген деректі фильм түсірді. Ағымдағы жылы бұл картина «қысқа деректі фильм» санатымен «Оскарға» ұсынылды. Алайда Херц-Зоммер алдағы жексенбі күні өтетін сыйақы иегерлердің есімдері жарияланатын күнге жете алмады.