Лондонда 15 жасар қыз бала терроризмге күдікті ретінде тұтқынға алынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондық полиция қаланың шығысында террорлық қызметке күдікті ретінде 15 жастағы қызды тұтқындады, деп хабарлады полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап Би-Би-Си.
Қазіргі уақытта ол Лондон орталығындағы полицей учаскесіне қамауға алынды. Істің мән-жайы әзірге хабарланбады.
Маусымда Лондон шығысында кей мектептері тексеріле бастады. Тексеріске көптеген жасөспірімдер «Ислам мемлекеті» содырларына қосылу үшін Сирияға кетуді ойластыруда деген биліктің қаупі себеп болды.