Лондонда 2012 жылғы Олимпиада ойындары медальдарының тұсаукесері өтті

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Лондондағы ойындардың ашылуына дәл бір жыл қалғанда Анна ханшайымның қатысуымен Олимпиада-2012 медальдарының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Оlimpicblog.ru.

Лондонда 2012 жылғы Олимпиада ойындары медальдарының тұсаукесері өтті

Медальдарда Лондонға келу үшін Парфенонды тастап кететін гректің Жеңіс құдайы Ника бейнеленген. Эмблемасының қарсы бетінде амфитеатрды еске түсiретiн, «бүгінгі қаланың сәулеттік өрнегі, метафорасы» салынған.

Диаметрі 85 мм және қалыңдығы 7 мм марапаттың салмағы - 375-400 грамм. Авторы - дизайнер Дэвид Уоткинс.

Ойындар барысында 30-дан астам спорт нысандарында 2100-ге жуық медаль тапсырылатын болады.