Лондонда әлем чемпионатының 660 мың билеті сатылып кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда өтетін жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының 660 мың билеті сатылып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл туралы Халықаралық жеңіл атлетика федерациялар қауымдастығына (IAAF) сілтеме жасап, ҚР жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты хабарлады.

Әлем біріншілігі 4-13 тамыз аралығында өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қалған 14 сессияның билеті келесі аптада сатылымға шығады екен.

Бұл дегеніңіз көпсайыстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Джессика Эннис-Хилл, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Катарина Мэри Джонсон-Томпсон секілді жергілікті жанкүйерлердің сүйікті атлеттері қатысатын сайыстарға билет алмағандарға керемет мүмкіндік.

«Бұл мен үшін аса маңызды түн болмақ. Әлем чемпионатын ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Өйткені жанкүйерлердің алдында медаль тағуға мүмкіндік бар. Лондондағы дәл осы стадионда 2012 жылы Олимпиада чемпионы атанған болатынмын. Бірақ ешқашан қайтадан бұл стадионда тағы да алтын алатын сәт туады деп ойламаған екенмін», - дейді Джессика Эннис-Хилл.

Айта кетейік, Қазақстаннан Лондондағы әлем чемпионатына 13 спортшы қатысады. Олардың арасында 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, 2017 жылғы Азия чемпиондары Мария Овчинникова мен Виктория Зябкина бар.

Соңғы жаңалықтар