14:55, 11 Тамыз 2010 | GMT +5
Лондонда әлемдегі ең қымбат пәтер сатылды
АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - Лондонда пәтер бағасына әлемдік рекорд орнатылды. Гайд-паркте орналасқан пентхаустардың бірі 220 миллион АҚШ долларына сатылды, деп хабарлайды Utro.ru сайты.

Британдық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, екі қабатта орналасқан пәтердің терезелері оқ өткізбейтіндей етіп сауытталған, ауа тазалайтын жүйесі мен шабуыл жасалған жағдайда адамдар паналай алатын сейф-бөлмесі бар. Пәтерді сатып алған адамның аты-жөні жария етілмей отыр, дегенмен, бейресми мәліметтер бойынша, оны Парсы шығанағы елдері бірінің мұнай магнаты сатып алған.
Рекордтық бағаға сатылған пәтер орналасқан үйді атақты британдық сәулетші сэр Роджерс жобалаған. Бір-бірімен қосылған төрт мұнарадан тұратын үйдің құрылысы аяқталуға жақын.