Лондонда Англиядағы бас шіркеуден 4 есе үлкен мешіт бой көтерді

Мешіттің өз кітапханасы мен спорт нысандары, сондай-ақ, дін қызметкерлеріне арналған 8 пәтері болады. Бұл туралы muslim.kz сайты жазып отыр.
Сәулетшілер мешітті «Осы заманғы исламның киелі кеңістігі» деп бағалап отыр.
Мега-мешіттің құрылысын қолға алған компанияның директоры Алан Крейг Daily Star агенттігіне берген сұхбатында: «Нью Хэм округінің әкімшілігі мешіттің құрылысын тұрғын үйлермен, дүкендермен және бизнес офистерімен біріктіріп жүргізуді қалайды. Ал мешіттің қамқорлық кеңесі Баттерси электр станциясының көлеміндей болса екен дейді. Қалай десек те, бұл Ұлыбританиядағы жан-жақты жобаланған тұңғыш шариғат аймағы болмақ», - дейді.
Evening Standard газетінің мәліметінше, 1999 жылы ұсынылған құрылыс жобасы осы уақытқа дейін өткір сынның астында қалып келді.
2001 жылы бұл аумақта белгілі бір уақытқа дейін құлшылық ету жөнінде шешім қабылданған болатын. 2006 жылы құлшылық ету мерзімі аяқталса да, адамдардың келуі бәрі бір үзілген емес.
2010 жылы округтік консулдық құлшылық ету тоқтатылсын деген шешімді қайтадан жариялады. Бірақ, мұсылмандар тарапынан шағымдар жасалып, шешімнің күші жойылды. Қазіргі уақытта бұл орында жұма сайын 5 мыңнан аса адам ғибадат етеді.
Мешіттің орнына сауда орындары мен 300 пәтер салу жоспарланған еді. Алайда Лондондағы мұсылман жамағаты мешіт үшін жинаған жылуларының, қайдағы бір коммерциялық кәсіпорынға жұмсалуына қарсылық танытқан еді. Осыдан дейін бастапқы жоспар кейінге қалдырылып, оның орнына мешіт салынатын болды.