Лондонда автобус дүкеннің витринасына кіріп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда екіқабатты рейс автобусы Харлсден Хай-стрит көшесінде дүкеннің витринасына кіріп кетті, деп хабарлады өзінің твиттердегі парақшасында қалалық «жедел жәрдем» қызметі. Бұл туралы Gazeta.ru хабарлады.

Лондонда автобус дүкеннің витринасына кіріп кетті

«Біздің қызметкерлер 13 пациентке көмек көрсетті және оқиға орнында жұмысын жалғастыруда», - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталуда.