Лондонда Бэнксидің жаңа туындысы пайда болды

АСТАНА. KAZINFORM – Бэнкси жексенбі күні Лондонның солтүстігінде пайда болған жаңа картинаның авторы өзі екенін растады, деп хабарлайды ВВС. 

бэнкси
Фото: JAMES PEAK/THE BANKSY STORY

Дүйсенбі күні көше суретшісі әдеттегідей әлеуметтік желіде Финсбери саябағы қабырғасының алдында жұмыс істегенге дейінгі және одан кейінгі фотосуреттерді жариялады.

Араланған үлкен ағаштың артында қабырғаға жапыраққа ұқсас жасыл масса боялған, ал оның жанында су құятын шланг ұстаған адамның бейнесі бар.

ВВС-дегі «Бэнкси хикаясы» сериалының авторы Джеймс Пик бұл туралы естіген бойда туындыны көруге барған.

«Егер сіз оның шығармашылығының басына үңілсеңіз, ол әрқашан аз күш жұмсап, оны шынымен керемет етіп көрсетуге болатын нәрсені іздеді», — деді ол.

Оның айтуынша, қабырғаға бояу жағу үшін құбыршек немесе өрт сөндіргіш қолданылған болуы мүмкін. Адамның бейнесі де осыны аңғартады.

Бояу түсі Ислингтон ауданы кеңесінің көше белгілері үшін қолданатын түске сәйкес келеді. Пиктің айтуынша, бұл Бэнсидің жұмысының егжей-тегжейіне назар аударатынын көрсетеді.

бэнкси
Фото: JAMES PEAK/THE BANKSY STORY

«Қазір көктем мезгілі, бұл ағаш бүршік жарыпе, жапырақтарын шығаруы керек, бірақ Бэнси велосипедпен өтіп, оның жаман көрініп тұрғанын ойлаған болуы керек», — деді ол.

Жергілікті тұрғындар арт-нысанның суреттерін әлеуметтік желілерге жариялап, қасына суретке түсе бастады.

«Бэнкси бір түнде пайда болды, енді менің пәтерімнің жалдау ақысы еселеді», — деп жазады бір тұрғын.

Ванджа Селлерстің айтуынша, бұл — тұрғындарға жеке хабарлама сияқты.

«Біз оны мақтан тұтамыз», — дейді көрші көшеде тұратын Ванджа Селлерс.

Соңғы жаңалықтар