Лондонда бір ай бойы ислам тақырыбына арналған ағартушылық іс-шаралар өтеді
Бір айға жалғасатын іс-шараның ашылу салтанатына діни және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бұл туралы muslim.kz сайтында хабарланды.
Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайтының жазуынша, ашылу салтанаты барысында британдық құқық қорғаушы Имран Хан исламды қоғам қалай қабылдайтыны жөнінде сөз қозғап, оның мұсылмандарға тигізер әсерін талдап берді. «Бұқаралық ақпарат құралдарында ислам тақырыбындағы танымдық дүниелердің жарық көруі жайлы да ұмыт қалдырмады. Шараның ұйымдастырушылары исламға деген жеккөрініштің түп-төркінін көпшіліктің қате түсінікке бой алдыратынынан іздеу керектігіне тоқталды. «Ислам» немесе «мұсылман» деген ұғымдарды «экстремистпен» немесе «террористпен» шатастырады. Аталмыш жоба аясында оқу орындары мен мемлекеттік мекемелерде ислам тақырыбында ағартушылық іс-шаралар өтетін болады», деп жазады muslim.kz.
Тоқтала кететін жайт, жақында жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, британ қоғамының исламға көзқарасы айтарлықтай дұрыстала бастаған. Ел тұрғындарының 25 пайызы жағымды көзқараста болса, 60 пайызы ислам діні британдық құндылықтармен үндеспейді, үйлеспейді деп есептейді.