Лондонда болып өткен олимпиадалық жарыста қазақстандықтар 2 алтын және 1 күміс медальдарды иеленді

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - 27 қараша күні Лондонда London Boxing International Invitational атты бокс бойынша өткен тестік олимпиадалық жарыста қазақстандық Василий Левит пен Біржан Жақыпов алтын медальдарды иеленсе, Дариға Шәкімова - күміс медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.
None
None

26 қараша күні жартылай финалда Василий Левит ирланд боксшысын жеңді. Финалда В.Левит американдық Джозеф Уильямспен кездесуі керек болды. Алайда қарсыласы келмегендіктен, жеңіс қазақстандық боксшыға берілді. Айта кетейік, Василий Левит Д.Уильямсты Баку қаласында өткен әлем чемпионатында 14:6 есебімен жеңген болатын.

Біржан Жақыпов барлық айқастарын сенімді өткізген. Біріншісінде Үнді елінің өкілі Сингх Амендипті жеңсе, жартылай финалда Тайланд елінің спортшысын, ал финалда Өзбекстан өкілін жеңіп шыққан.

Дариға Шәкімова Индия мен Бразилияның спортшы қыздарын жеңіп, ағылшын қызынан жеңіліс тапты.

Самат Бәшенов сәтсіздікке ұшырады. Бірінші айқаста ол ағылшын боксшысынан жеңіліп жарыстан шығып кетті.

Лондондағы ExCeL олимпиадалық орталығында болып өткен тестік жарысқа 20 елден 86 спортшы қатысты. Ерлер арасында 64 спортшы 10 салмақ дәрежесінде, ал әйелдер арасында 22 спортшы қыз 3 олимпиадалық салмақта жарысты.

Қазақстанды жарыста - Жақыпов Біржан (49 кг), Башенов Самат (60 кг), Левит Василий (91 кг), Шәкімова Дариға (75 кг) таныстырды.

Соңғы жаңалықтар