Лондонда Brent мұнайының бағасы 76,13 доллар/баррельге дейін төмендеді

А. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Сауда биржаларында шілденің 27-сінде өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнай бағалары біршама төмендеді. Бұл туралы РБК агенттігі хабарлады.

Лондонда Brent   мұнайының бағасы 76,13 доллар/баррельге дейін  төмендеді

Атап айтқанда, Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,37 долларға арзандап, 76,13 доллар/баррелді құраса, Нью-Йорк биржасында Light Sweet маркалы мұнайдың бағасы 1,48 долларға төмендеп, 77,50 доллар/баррелді шамалап отыр.