Лондонда «британдық оскарлар» таратылды

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Лондонда Британ кино және телеөнер академиясының сыйлықтарын тапсыру рәсімі өтті.
None
None

Күмәнсіз триумфаторлардың бірі - барлық американдық сыйлықтарды еншілеп, Тұманды Альбионға дейін жетіп үлгерген Бен Аффлек пен оның ««Арго» операциясы» картинасы болды. Аффлек жылдың режиссері, ал «Арго» - үздік фильм атанды. Ең үздік британдық лента ретінде аса танымал тыңшы - Джеймс Бондтың оқиғалары туралы баяндайтын «Координаты: Скайфоллдың» соңғы сериясы танылды.

Ең үздік актерлік жұмыстары үшін сыйлықтарды «Линкольн» картинасындағы американдық президенттің рөлін сомдаған Дэниэл Дей Льюис және «Махаббат» фильміндегі жұмысы үшін Эммануэль Рива алды. Екінші пландағы рөлдері үшін «Джанго босатылғанда» ойнаған Кристофер Вальц пен «Шеттетілгендер» фильміндегі шағын рөлі үшін Энн Хэтэуэй сыйлықтарға ие болды. Тарантиноның өзіне де сыйлық берілді. Танымал американдық режиссер әрі актер «Джанго» сценарийі үшін сыйлық алды. BAFTA сыйлығы кино және телеөнер әлеміндегі еі беделді сыйлық болып есептеліп, «британдық Оскар» деп аталады.

Соңғы жаңалықтар